Ақтөбеде 22 млн теңгенің алаяқтық ісі бойынша мұғалім ұсталды
Ақтөбеде жылжымайтын мүлік мәмілелері кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, оның әрекетінен Қосшы қаласының кемінде екі тұрғыны зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі 22 млн теңгені құраған. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады.
Тергеу болжамы бойынша, күдікті азаматтардан пәтер сатып алу сылтауымен 14 млн және 8 млн теңге алып, кейін бой тасалаған. Шілде айында оған ресми түрде іздеу жарияланған болатын.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің Ақтөбе қаласында жүргенін анықтады. Жергілікті әріптестердің көмегімен ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ұсталғаннан кейін күдіктінің Ақтөбедегі мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істегені белгілі болды. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар оның жұмысқа орналасу мән-жайын және жұмысқа қабылдау кезінде ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын тексеріп жатыр.
Сонымен қатар, тергеу органдары жалған құжаттар мен анықтамалардың пайдаланылу ықтималдығы нұсқасын да қарастыруда.
Айта кетейік, осыған дейін журналист Динара Сәтжан соттасқан ақтөбелік емші кінәлі деп табылған еді.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026