Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы мен Алматы облысында жарық сөніп қалды

kz.kursiv.media

Алматы мен Алматы облысында жарық сөніп қалды

14 тамызда Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Нақтырақ айтқанда Алматы қаласының төрт ауданы мен Алматы облысының он ауданы кенеттен жарық кенеттен өшіп қалған.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» компаниясына тиесілі 500 киловольттық «Л-5400», «Л-5300» және «Л-5320» әуе электр беріліс желілері ажырап қалған.

Осының салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» желілерінде апатқа қарсы автоматика, яғни САОН және АЧР жүйелері іске қосылды. Бұл жүйелер қала мен облыс тұтынушыларын жарықтан автоматты түрде ажыратуға әкеп соқты.

Автоматиканың әрекетінен өшірілген жүктеме көлемі 300 МВт құрады.

Алматы облысында жарық өшкен аудандар:

Алматы қаласында жарық өшкен аудандар:

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының мамандары тұтынушыларды электр қуатымен қайта толық көлемде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар