Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 балл жеткілікті ме

kz.kursiv.media

ІІМ жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 балл жеткілікті ме

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинауы қажет. Алайда бұл балл оқу орнына қабылдануға кепілдік бермейді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

ІІМ мәліметінше, ведомствоның оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Талапкердің ҰБТ нәтижесімен қатар бірнеше іріктеу кезеңінен өтуі ескеріледі. Атап айтқанда, медициналық, дене дайындығы және психофизиологиялық іріктеу нәтижелері есепке алынады.

«ІІМ оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте ҰБТ нәтижелерімен қатар медициналық, физиологиялық және психофизиологиялық іріктеу нәтижелері де ескеріледі. Одан әрі үміткер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өтіп, конкурс нәтижесі бойынша жеткілікті көрсеткіш көрсетуі қажет», – деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.

Осылайша, 50 балл – конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек, ал оқу орнына түсу үшін талапкер барлық белгіленген іріктеу талаптарынан өтуі қажет.

Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімі биыл 7 тамызда жарияланған. Бакалавриатқа жалпы 75 371 мемлекеттік грант бөлінген. Мемгрантқа түсе алмағандарда әкімдіктер мен Қазақстан халқына қорының гранттарына түсуіне әлі де мүмкіндік бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар