Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Миллионер Кеңес Рақышевке тиесілі компания шығынын 20 есе қысқартты

kz.kursiv.media

Миллионер Кеңес Рақышевке тиесілі компания шығынын 20 есе қысқартты

Кәсіпкер Кеңес Рақышевке тиесілі Fincraft Resources компаниясы 2026 жылдың 6 айында за шығынын айтарлықтай қысқартты. Есепті кезеңде компанияның таза шығыны 5 млн теңгені құраған. Бұл туралы шоғырландырылған есепте жазылған.

Салыстырар болсақ, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде компания 101 млн теңге таза шығын шеккен болатын. Осылайша, компания шығын көлемін бір жылда 20 есе азайтып, қаржылық жағдайын едәуір тұрақтандырды.

2026 жылдың 6 айында компанияның негізгі үздіксіз қызметі бойынша өнім сатудан түскен тікелей түсімі болған жоқ. Соған қарамастан, есепті кезеңде өзге де операциялық кірістер 276 млн теңгені құрады.

Ал берілген қарыздар бойынша есептелген сыйақылар есебінен алынған қаржылық кіріс 409 млн теңгеге жетті (2025 жылдың ұқсас кезеңінде 347 млн теңгені құраған).

Шығыстар тарабына келсек, жалпы және әкімшілік шығыстар 315 млн теңгеге дейін азайып (2025 жылдың 6 айында 367 млн теңге), өзге де операциялық шығыстар 50 млн теңге маңайында болды.

Есепті кезеңде Топ Шығыс Қазақстан облысындағы «Горностаев» кобальт-никель кен орнын игерумен айналысатын «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС-дегі үлесін BMT Nico Ltd арқылы сату процесін жалғастырып жатыр.

Осыған байланысты бұл компанияның 7,1 млрд теңге көлеміндегі активтері мен 745 млн теңгелік міндеттемелері сатуға арналған топ ретінде бөлек есептеліп отыр.

Бұдан бөлек, компания жарғылық капиталы 50 мың теңге маңайында болатын Arkhat Minerals Limited жаңа еншілес жеке компаниясын құрған.

Fincraft Resources АҚ (бұрынғы SAT & Company АҚ) 2001 жылы құрылған, бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Компания тау-кен өндірісі, металлургия салаларындағы активтерді басқару және инвестициялық қызметпен айналысады. Компанияның соңғы бақылаушы тарапы — кәсіпкер Кеңес Рақышев.

Кеңес Рақышев Forbes журналының дерегі бойынша Қазақстандағы ең дәулетті 50 кәсіпкердің тізімінде 27-орында тұр. Оның байлығы 402 миллион АҚШ долларына бағаланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар