Оқу-ағарту министрі Сүлейменованың бірінші орынбасары тағайындалды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бірінші вице-министр болып тағайындалған Шынар Ақпарованы ұстаздар қауымына таныстырды.
Ақпарова 2025 жылғы қарашадан бері вице-министр қызметін атқарған. Енді Сүлейменованың бірінші орынбасары болады.
Министрлік мәліметінше, Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер болып жұмыс істеп, білім сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.
2020-2023 жылдары Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, 2023-2025 жылдары аталған департаменттің басшысы болды. 2025 жылы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026