Өтемұратовқа тиесілі Home Credit Bank топ-менеджерлеріне 1,3 млрд теңге төлеген
Миллиардер Өтемұратовқа тиесілі Home Credit Bank басқарма құрамы былтыр 1 млрд 317 млн теңге сыйақы алған. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстан қор биржасындағы хабарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сомаға банк басшылығының 2025 жылы алған бүкіл айлығы, бонустары мен сыйлықақысы кіреді.
2025 жылдың соңында ForteBank қазақстандық Home Credit Bank-тің 100% акциясын еуропалық акционерлерден 273 млрд теңгеге толығымен сатып алған еді. Түпкі иесі – миллиардер Өтемұратов.
Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлер рейтингінде көш бастап тұрған миллиардердің бірі. 3,7 млрд доллар дәулетімен елдегі ең бай он кәсіпкердің қатарына кіріп, 6-орынға жайғасқан. Оның бизнес активтері қаржы, телекоммуникация, девелопмент және қонақүй салаларын қамтиды. Кәсіпкердің қызметінде білім беру және қайырымдылық жобалары, сондай-ақ теннисті дамыту ерекше орын алады.
- Соңғы
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026