Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үй бағасының арзандауын күтпей, қазір алған дұрыс – сарапшы

kz.kursiv.media

Үй бағасының арзандауын күтпей, қазір алған дұрыс – сарапшы

Қазақстанда баспана бағасының жақын уақытта арзандауы екіталай. Сондықтан үй алуды жоспарлап жүрген азаматтарға бағаның түсуін күтіп, сатып алуды кейінге қалдырмаған жөн. Мұндай пікірді Алматыдағы «Қазақстан құрылысшылар одағы» филиалының директоры Тимур Нұртаев айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тимур Нұртаевтың пікірінше, инфляция, құрылыс шығындарының өсуі және құрылыс компанияларына қойылатын қосымша талаптар баспана бағасына әсер етеді.

Ол мысал ретінде туыстарының бес-жеті жыл бұрын өзі жұмыс істейтін тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғанын айтты. Қазір олардың жалақысы шамамен 300 мың теңге болғанымен, ипотека бойынша ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеден аз.

Алайда бұл мысалдың бес-жеті жыл бұрынғы ипотекалық шарттарға қатысты екенін ескеру қажет. Қазіргі таңда жалақысы 300 мың теңге болатын адам дәл осындай шартпен ипотека рәсімдей алады дегенді білдірмейді.

Сарапшының айтуынша, баспана шынымен қажет болып, отбасы ай сайынғы төлемді көтере алатын болса, үй сатып алуды қазірден қарастырған жөн.

Нұртаевтың айтуынша, тұрғын үй құрылысының өзіндік құны өсіп келеді. Бұған құрылыс компанияларына қойылатын жаңа талаптар да әсер етеді.

Қазір құрылыс салушылардан инженерлік желілерді жүргізумен қатар, мектептер мен балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандардың құрылысына да қатысу талап етіледі. Бұл шығындар құрылыс құнына қосылып, нәтижесінде тұрғын үйдің шаршы метр бағасына әсер етеді.

Бұған дейін шығындардың бір бөлігін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы азайтуға мүмкіндік болған. Алайда Нұртаевтың айтуынша, қазір бұл тетік жұмыс істемейді.

Құрылыс саласының өкілі мемлекет пен бизнестің құрылыс шығындарын азайтудың ортақ жолдарын іздеуі қажет деп санайды.

Дегенмен оның пікірінше, жалпы инфляцияны тоқтату және құрылысқа жұмсалатын шығындардың өсуін толық тежеу мүмкін емес. Сондықтан бұл факторлар алдағы уақытта да баспана бағасына әсер етуі ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстандағы 23 екінші деңгейдегі банктің 10-ы ипотека береді. Соның ішінде жылжымайтын мүлікті кепілге қоятын стандартты ипотеканы 8 банк ұсынады. Серіктестік ипотеканы 5 банк, тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша өнімдерді 4 банк, ал депозитті немесе ақшаны кепілге қою арқылы берілетін ипотеканы 3 банк ұсынып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар