Асле Осман «Барыс» орденімен марапатталды
Алматының құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері Асле Әлиқызы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, марапат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген. Жоғары мемлекеттік марапатты Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.
Асле Осман Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады. Ол саналы ғұмырын қазақ тілін дамытуға, оның мәртебесін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға арнады. Ғалымның қазақ тілінің ерекшелігі мен құрылымына арналған ғылыми-зерттеу еңбектері тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол 200-ден астам ғылыми және аударма мақаланың авторы.
Тоқаев Асле Османға жолдаған құттықтауында оның ел алдындағы еңбегіне жоғары баға берді.
«Мемлекеттік тіл саясатының мәні мен маңызын көпшілікке ұғындыра отырып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін оятуға әрі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге қосқан үлесіңіз зор екені анық. Қазақстанның тұрақтылығын сақтау, қоғамның бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайту жолындағы белсенді қызметіңіз – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.
Асле Осман бұған дейін II дәрежелі «Достық» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Мұның алдында Тоқаев Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі «Барыс» орденін табыстаған еді.
- Соңғы
-
-
-
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 тамыз 2026