Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Нұрайдың ісі»: Сотталушы өмір бойына түрмеге жабылды

kz.otyrar.kz

«Нұрайдың ісі»: Сотталушы өмір бойына түрмеге жабылды

Өз үйінің маңында 35 жетінен пышақ сұғып, Нұрай Серікбайды айуандықпен өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына түрмеге жабылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің «Аса қатігездікпен адам өлтіру», «Некеге тұруға мәжбүрлеу» және «Сталкинг» бабымен кінәлі деп тапты. Енді ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.Сотталушы сот үкімімен келіспейді.

Сот 20 томнан тұратын істі қарауды 23 шілдеде бастаған. Ал тергеу 7 айға созылды. Бұған дейін де сотталушы айыппен келіспеген. Ол «Некеге тұруға мәжбүрлеу», «Сталкинг» бабын жоққа шығарады. Ал адам өлтіргенде аффект жағдайында болғанын айтқан.Дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға 11 қаңтар күні болған. Үйінен дүкенге ұн алуға шыққан 21 жастағы Нұрай Серікбайды 28 жастағы Шерхан Аймахан пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Дилара Иса

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар