Алматыдағы блэкаут Қазақстандағы тағы бір мәселенің бетін ашты – сарапшы
Алматыда және Қазақстанның басқа да оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының өшуі инфрақұрылымның қалалардың құрылыс қарқынына қаншалықты ілесетіні туралы мәселені қайта көтерді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Экономист, Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы әрі БЖЗҚ тәуелсіз директоры Эльдар Шамсутдинов қуат тапшылығы жүйелі мәселеге айналып бара жатыр деп есептейді.
Өзінің Telegram-арнасында ол Қазақстанда тұрғын үйлердің қажетті коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылым құрылғанға дейін жиі пайдалануға берілетіндігіне назар аударды.
«Пәтерлер крандағы судан бұрын пайда болды. Желілерге түсетін жүктеме артып келеді, ал жаңа қуат көздері оған ілесе алмай жатыр», – деп атап өтті Шамсутдинов.
Оның айтуынша, бұл жағдай Астанада бұған дейін де байқалған. 2022 жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін, елорда 2023 жылы су тапшылығына тап болды. Экономист мұндай тәуекелдер елдің басқа да ірі қалаларында туындап отыр деп санайды.
14 тамызда Алматы жарықсыз қалған өңірлердің қатарында болды. Энергетика министрлігі хабарлауынша, бұған Орталық Азияның энергожүйелері тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруінен туындаған авариялық қуат тұрақсыздығы себеп болған.
Нәтижесінде, ұлттық энергожүйені одан да ауыр салдарлардан қорғау үшін тұтынушылардың бір бөлігін уақытша өшірген апатқа қарсы автоматика іске қосылды.
Қазіргі уақытта «KEGOC» жүйелік операторы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр және желіге жүктемені кезең-кезеңімен қайтаруда. Энергетика министрлігі жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.
Жарықтың өшуі салдарынан Алматыда бағдаршамдар жұмыс істемей қалды, метро тоқтады, ал кейбір аудандарда су беруде іркілістер туындады. 2ГИС мәліметтері бойынша қаладағы кептеліс 9 балға жетті.
Шамсутдинов мұндай оқиғаларды тек апаттармен ғана емес, сонымен бірге, қордаланып қалған инфрақұрылымдық мәселелермен де байланыстырады. Оның пікірінше, электр энергиясы мен суды тұтынудың өсуі қалаларды дамытуға және жаңа қуат нысандарын салуға сергек әрі теңгерімді қарауды талап етеді.
- Соңғы
- Тамыз, 14
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 тамыз 2026