Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ жүргізушілерге айыппұлдардың қате рәсімделгенін мойындады

kz.kursiv.media

ІІМ жүргізушілерге айыппұлдардың қате рәсімделгенін мойындады

ІІМ ақпараттық жүйедегі техникалық ақау салдарынан қате қалыптастырылған нұсқамаларға қатысты жағдайды түсіндірді.

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, қате салынған айыппұлдарды төлеп тастаған жүргізушілерге ақшасы қайтарылады.

«Қазір тасжолдардағы жылдамдыққа қатысты айыппұлдар бойынша біраз сұрақ туындағанын көріп отырмыз. Сондықтан не болғанын қысқаша түсіндіргіміз келеді. 13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау болды», – дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Оның айтуынша, соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір-сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген. Қазір техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жүргізушілерге айтарымыз: ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады. Тағы да атап өтеміз: мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр. Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Жағдай бақылауда», — деді Мұрат Қабденов.

Мұның алдында полиция «енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген бейнероликке қатысты түсініктеме берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар