KEGOC есебі: тариф өсіп, таза пайда артқанымен, инфрақұрылым тозып тұр
KEGOC ұлттық компаниясы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын рекорд қаржы көрсеткіштерімен аяқтады. Қаржы есебіне сәйкес, компанияның таза пайдасы 34,3 миллиард теңгеден 54,6 миллиард теңгеге дейін өсіп, 60%-ға дерлік артты, деп жазады Kursiv.Media.
Halyk Finance сарапшыларының атап өтуінше, KASE индексіне кіретін бірде-бір эмитент мұндай жоғары өсім қарқынын көрсете алған жоқ. Тарифтердің қымбаттауы компанияның табысын еселегенімен, тамыз айында орын алған блэкаут электр желілері тозып кеткенін мен жүйе түйткілдерін паш етті.
Компанияның алты айдағы түсімі де айтарлықтай өсіп, 183,1 миллиардтан 240,1 миллиард теңгеге жетті (31%-ға өскен).
Дәл осы кезеңде жалпы пайда 51,3 миллиардтан 87,5 миллиард теңгеге, ал операциондық пайда 45,4 миллиардтан 72 миллиард теңгеге дейін артты. Операциялық қызметтен түскен ақша ағыны да 69,7 миллиардтан 81,6 миллиард теңгеге дейін көтерілді.
Табыстың бұлай өсуінк мамыр айынан бастап электр энергиясын жеткізу тарифінің 5,575 теңге/кВт·сағ дейін қымбаттауы негізгі түрткі болды. Жоғары қарж нәтижелердің арқасында компания маусым айында акционерлерге 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін 22,3 миллиард теңге дивиденд (бір акцияға 81 теңгеден) төледі.
Табыс өскеніне қарамастан, магистральды электр беру желілерінің басым бөлігі тазып кетк. KEGOC компаниясының қаржы есебінде 220-500 кВ желілерінің біршама бөлігі пайдалану мерзімін аяқтағанын немесе таяу жылдары аяқтайтынын ашық мойындаған.
Осыған байланысты компанияның 2021–2026 жылдарға арналған 274,760 миллиард теңгелік инвестициялық бағдарламасының қаржысы 314,345 миллиард теңгеге дейін артқан.
Желілерді қолдау мен жөндеу шығындары да едәуір өсті. Алты айда жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге 5,48 миллиард теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп.
Технологиялық шығындарды жабуға кеткен қаржы 37 миллиардтан 48,9 миллиард теңгеге дейін артса, баланстаушы электр энергиясын сатып алу шығындары 13,5 миллиардтан 15,4 миллиард теңгеге дейін өсті.
14 тамызда Тоқтағұл ГЭС-індегі гидрогенераторлардың өшуі салдарынан орын алған блэкаут компания акцияларына кері әсер етті. Апат кезінде «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзитіне шамадан тыс күш түсіп, Оңтүстік аймақ біртұтас жүйеден бөлініп кетіп, Алматы қаласы мен облыстағы бірқатар аудан жарықсыз қалды, Алайда Қырғызстан апатқа қатысты жауапкершілікті тек өздеріне жүктеуге қарсы.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026