Қазақстан Қашаған операторынан 2,3 трлн теңге айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алмақ
Қазақстан экологтары Қашаған кен орнын игеріп отырған оператор – North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына 2,3 трлн еңге айыппұл салғаны белгілі. Экологтар осыдан үш жыл бұрын компания қоймаларында күкіртті белгіленген нормадан бірнеше есе артық сақтағаныны анықтаған.
Үкімет концорциумға айыппұлды 2026 жылдың 20 шілдесіне дейін ерікті түрде төлеуге уақыт берген. Енді Қазақстан халықаралық консорциумнан осы айыппұлды қалайда өндіріп алуға ниетті.
Атырау облысы Әділет департаменті Kursiv.Media реси сауалына берген жауабында экологтардың қаулысы негізінде іс қозғалғанын, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру шаралары қолға алынғанын растады.
«Атырау облысының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының 2025 жылғы 18 тамыздағы қаулысы негізінде «Норт Каспиан Операйтинг Компани Н.В.» филиалына қатысты атқарушылық өндіріс ашылды. Борышкер компаниядан экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл өндіріп алу көзделген. Осы іс аясында мемлекеттік сот орындаушысы «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған барлық мәжбүрлеп орындау шараларын жүзеге асырады», –
Сонымен бірге, аталған Заңның 14, 15 және 16-баптарының талаптарына сәйкес, атқарушылық өндіріске қатысты толық ақпарат бермеген.
Консорциум құрамына Shell, Eni, TotalEnergies, Exxon Mobil, CNPC, Inpex және ҚазМұнайГаз кіреді. 2,3 трлн теңге айыппұлдың 397 миллиардын «ҚазМұнайГаз» төлеуі мүмкін.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026