Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайрат» - «Андерлехт»: Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің билеттері сатылымға шықты

kz.kursiv.media

«Қайрат» - «Андерлехт»: Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің билеттері сатылымға шықты

Алматылық «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында бельгиялық «Андерлехт» футбол клубымен ойнайды. Алғашқы матч 20 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда сағат 20:00-де басталады.

Осы маусымда алматылық ұжым еурокубок жолын УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған еді. Алғашқы айналымда черногориялық «Сутьесканы» сенімді түрде жеңсе, екінші раундта кипрлік «Омонияны» жолынан тайдырды. Алайда үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиге» жол беріп, жарысты Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ендігі мақсат Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алу. 20 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетін «Қайрат» – «Андерлехт» ойынының билеттері сатылымға шықты. Билеттерді 4 000-12 000 теңге аралығында Freedom SuperApp қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, 15 тамыз күні Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэсттің ауқымды концерті өткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар