Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанадан Бейжіңге ұшатын рейстер саны көбейді

kz.kursiv.media

Астанадан Бейжіңге ұшатын рейстер саны көбейді

Air China әуе компаниясы тамыз айының басынан бері Астанадан Бейжіңге қатынайтын рейстер санын аптасына алтыға дейін арттырды. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Енді рейстердің үшеуі Астана – Бейжің бағыты бойынша тікелей орындалса, тағы үшеуі Сиань арқылы ұшады.

Астанадан Бейжіңге тікелей рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Ал Астана – Сиань – Бейжің бағыты бойынша жолаушылар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұша алады.

Осылайша, жолаушылардың Қытайға, оның ішінде іскерлік және туристік мақсаттағы сапарларын жоспарлау мүмкіндігі артты.

Әуежайдың мәліметінше, рейстер санының көбеюі Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар маршруттық желінің кеңеюі екі ел арасындағы туристік, экономикалық және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Air China – Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы. Әуе компаниясының негізгі хабы Бейжіңде орналасқан. Тасымалдаушы халықаралық Star Alliance авиациялық альянсына кіреді. Оның маршруттық желісі Қытай, Азия, Еуропа және басқа да өңірлердегі қалаларды қамтиды.

2025 жылы Air China тобы шамамен 160 млн жолаушы тасымалдаған.

Еске салайық, Астана мен Шанхай арасындағы тікелей әуе қатынасын осы күзде ашу жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар