«Барни» үшін ұрған Мадинаның ісіне қатысты полиция мәлімдеме жасады
Жамбыл облысында қайғылы оқиға орын алды – жергілікті тұрғын өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұмның өліміне күйеуінің соққысы себеп болғаны туралы ақпарат тараған еді. Желіде жарияланған хат алмасу скриншоттарына сәйкес, әйел өлімі алдында құрбысына күйеуінің оны «Барни» бисквиті үшін ұрып-соққанын айтып шағымданған.
Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Полиция департаментінің хабарлауынша құқық қорғау органдары тараптардың барлық уәждерін тексеріп, жиналған мәліметтерді зерделеп жатыр. Тергеу үшін маңызы бар әрбір дерекке толық құқықтық баға беріледі.
Қылмыстық істің жүргізілуі Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынған.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері азаматтарды тергеу амалдары толық аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады.
Бұған дейін, марқұм Мадинаның туыстары жағдайды түсіндірген еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026