Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы, Атырау және Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

kz.kursiv.media

Алматы, Атырау және Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

15 тамызда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болып отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күндіз, ал Өскеменде түнгі уақытта күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдай желдің болмауы немесе баяу соғуы, тұман және температуралық инверсия қатар орын алған кезде қалыптасады. Мұндай жағдайда зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Синоптиктер мұндай кезеңдерде ауа ластануының адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артатынын ескертеді. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін маңызды.

Ауадағы ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы әсер етеді.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді:

Еске салайық, 15 тамызда елдің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Тек шығыс пен батыстың кей аймақтарында жаңбыр жауады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар