Шарын шатқалында жайылған бір үйір қарақұйрық фототұзаққа түсті (видео)
Шарын шатқалында жайылған бір үйір қарақұйрық ұлттық табиғи парк аумағына орнатылған бірнеше фототұзаққа түсті. Қызыл кітаптағы жануарлардың бейғам тіршілігі табиғат жанашырларын қуантты.
«Қазақ орманы» мекемесі жариялаған видеода ондаған қарақұйрықтың суат басына жиналғанынан, жайылымда жүргенін көруге болады. Аса сақ ашатұяқтылар фототұзақ объективіне өте жақын келген.
A post shared by Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)
Қарақұйрық – елде ерекше қорғауға алынған жануарлардың бірі.
«Сондықтан оны табиғи мекенінде осылай еркін жүрген күйінде бақылау – мамандар үшін құнды дерек, ал біз үшін жабайы табиғаттың көзге көріне бермейтін тіршілігіне үңілудің тамаша мүмкіндігі», – деп есептейді экологтар.
Табиғат жанашырларының айтуынша, адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін фототұзақтар жануарларды табиғи мінез-құлқына кедергі келтірмей бақылауға мүмкіндік береді. Осындай кадрлар арқылы мамандар жабайы жануарлардың тіршілігін қадағалап, табиғи аумақтағы жағдайды зерттейді.
«Ең құндысы – бұл арнайы қойылған көрініс емес. Қарақұйрықтар өз мекенінде еркін жүр, ал камера олардың күнделікті тіршілігінің бір сәтін ғана үнсіз «ұстап» қалды», – дейді ұлттық парк өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шарында сүзіскен екі қарақұйрық экологтар назарына іліккен.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026