Көлсай көлдеріне жыл басынан бері 330 мыңнан астам турист барған
Алматы облысындағы Көлсай көлдеріне жыл басынан бері 330 мыңнан астам турист барған. Әсіресе Үндістан, Парсы шығанағы елдері және Еуропа туристері жиі барады.
«Көлсай көлдері» ұлттық паркі жұмыс күндері шамамен екі мың туристті қабылдаса, демалыс күндері бұл көрсеткіш алты мыңға жетеді. Әрбір үшінші қонақ шетелден келеді.
«Көлсай көлдері» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне кіреді. Парк аумағында тоғыз туристік бағыт жасақталған. Ең танымал маршруттар Төменгі Көлсайға, Қайыңды көліне және Саты ауылына апарады. Биыл жол құрылысы аяқталуға жақын. Бұрын туристер көлікпен қиын жол жүріп, кейін жаяу барушы еді. Қиындығына қарамастан, Қайыңды аймақтағы ең танымал орындардың бірі болып қала береді. Өткен жылы бұл көлге 200 мыңнан астам адам барған.
«2025 жылы Қайыңдыға баратын жолдың құрылысын бастадық. Бұл мақсатқа бюджеттен 2 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Жұмыстар биылға ауысып, қазір жол 99 пайызға дайын тұр. Жақын арада оның салтанатты ашылуын жоспарлап отырмыз. Көлсай көлдерін абаттандыруға келсек, биыл ескі төсеніштер мен соқпақтарды алмастырамыз. Катамарандар тұрған жерге дейін барлығы 350 метрлік төсенішті жаңартамыз«, – деді «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің директоры Бақыт Жүнісов.
Мамандардың болжамы бойынша, жыл соңына дейін Көлсайға кемінде жарты миллион адам келеді деп күтіледі.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026