Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолында қозғалыс шектеледі

kz.kursiv.media

Алматы облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолында қозғалыс шектеледі

«Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының бір учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

ҚазАвтоЖол ақпаратына қарағанда, аталған жолда Алматы облысында жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізіліп жатыр. Шектеу 2026 жылғы 17-20 тамыз аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін 1177-шақырымнан (Ақсай ауылы) 1186-шақырымға (Жібек Жолы ауылы) дейінгі аралықта қолданылады.

Көрсетілген уақытта аталған учаскеде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектеледі. Жабық учаскені айналып өту бағыты қарастырылған. Атап айтқанда, «Ақсай – Байкент» – «Байкент – Боралдай» – «Боралдай – Жібек Жолы».

«Жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді және жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қозғалысқа енгізілген шектеу жөндеу-құрылыс жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін қажет», – делінген хабарламада.

ҚазАвтожол аталған учаскеде жол жөндеуге байланысты уақытша шектеу болатынын, егжейі-тегжейі алда жарияланатынын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар