Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде жеті айда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

kz.kursiv.media

Елде жеті айда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Шай өндірісінің негізгі үлесі, яғни 92,1 пайызы (3 528 тонна) Алматы қаласына тиесілі. Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.

Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.

Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.

Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды.

Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі.

Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2026 жылдың алғашқы бес айында 35,1 мың тонна балмұздақ шығарды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар