Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанадағы ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты

kz.kursiv.media

Астанадағы ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты

Астана ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сарайшық ауданы әкімдігінің түсіндіруінше, құрылыс компаниясына кабелді тиісті түрде төсеп, көму қажеттігі бірнеше рет ескертілген. Шілде айының соңында мемлекеттік орган өкілдері аумақты тексеріп шыққан. Компанияға кабелге қатысты бұзушылықты жою қажеттігі қайта ескертіліп, сонымен қатар жұмыс сапасына қатысты басқа да ескертулер айтылған.

«Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кабель ажыратылып, қазір айналадағыларға қауіп төндірмейді», – деп толықтырды әкімдіктен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 16 тамызда А-105 көшесіндегі №11 үйдің жанындағы балалар алаңында 5 жасар ұлды тоқ соққаны туралы ақпарат тараған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар