+42°C-қа дейін: Алматыда биыл жаз қаншалық ыстық болды (инфографика)
Алматыда 2026 жылғы жаз күн аптап ыстық болып, біраз адамды әбіргерге түсіргенімен есте қалады. Маусымнан бері күндізгі температура бірнеше мәрте +35°C-тан асып, шілденің ортасында биылғы жаздың ең ыстық кезеңі тіркелді.
AccuWeather дерегіне сәйкес, 15 шілдеде ауа температурасы +36°C болса, 16 шілдеде +38°C-қа жеткен. Одан кейін ыстық одан әрі күшейіп, 18 шілдеде +40°C, 19 шілдеде +41°C болды. 20 шілдеде күндізгі максимум +42°C-қа дейін көтерілді. Ал Алматыдағы шілденің абсолютті температуралық рекорды — +43,4°C, ол 1983 жылы тіркелген және 2026 жылы әзірге бұзылған жоқ.
Аптап тек шілдемен шектелген жоқ. Маусымның 27 және 29 күндері Алматыда +37°C тіркелсе, тамызда да бірнеше күн қатарынан температура +35°C-тан жоғары болды. Мәселен, 13–15 тамызда күндіз +42°C шамасында болған.
Жалпы, 1 маусымнан 16 тамызға дейінгі күнделікті көрсеткіштер Алматыдағы температураның бірқалыпты өспегенін көрсетеді: бірнеше күндік аптаптан кейін ауа райы күрт салқындап, артынша қайта ысыған кезеңдер жиі кездескен.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026