Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында 16 рекорд жаңартты

kz.kursiv.media

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында 16 рекорд жаңартты

Қазақстанның жасөспірімдер және жастар арасындағы ауыр атлетика құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 59 медаль жеңіп алып, 16 рекорд жаңартты. Оның ішінде 19 медаль – алтын, ал рекордтардың 11-і Азия, 5-еуі әлемдік деңгейдегі нәтиже болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Құрама спортшылары құрлық додасында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның ауыр атлетикадағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жарыста ерекше көзге түскен спортшылардың бірі – Снежана Кашкарова. Ол үш Азия және үш әлем рекордын жаңартып, чемпионаттың үздік спортшысы атанды.

Ал Ксения Прозорова жарыс барысында тағы екі әлем рекордын орнатты.

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі додада жалпы 16 рекордпен есте қалды, спортшылар 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар