Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Метро тоқтады, су қысымы азайып, бағдаршам істен шықты - Алматыдағы блэкаут салдары

kz.kursiv.media

Метро тоқтады, су қысымы азайып, бағдаршам істен шықты - Алматыдағы блэкаут салдары

Алматыдағы жарықтың сөнуінен пайда болған блэкаут салдары белгілі болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алматы әкімдігі қазіргі уақытта барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Электрмен жабдықтаудың өшуіне байланысты метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылды. Жұмысының қайта басталуы туралы қосымша хабарланады.

Стационарлар мен басқа да медициналық ұйымдар жұмысын үздіксіз қызмет жоспарларына сәйкес жалғастыроып жатыр. Медициналық мекемелер резервтік электр көздеріне қосылған.

Электр энергиясының өшуіне байланысты кейбір аудандарда су қысымының уақытша төмендеуі мен су беруде іркілістер болуы мүмкін, әсіресе ғимараттардың жоғарғы қабаттарында. Бұл жабдықтары электрмен істейтін сорғы станцияларының уақытша тоқтауына байланысты.

Жұмысы электр желілерінен қамтамасыз етілетін кейбір бағдаршам нысандары өшіп қалды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол полициясының қызметкерлері бағдаршамдар уақытша жұмыс істемейтін учаскелерде жол қозғалысын ұйымдастыру және реттеу бойынша қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр.

2026 жылғы 14 тамыз сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар