Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Экс-депутат Бақытжан Базарбек адам қағып кетті: полиция қылмыстық іс қозғады

kz.kursiv.media

Экс-депутат Бақытжан Базарбек адам қағып кетті: полиция қылмыстық іс қозғады

Жамбыл облысында бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Т. Рысқұлов ауданы аймағында болған қайғылы жағдайда 36 жастағы жаяу жүргінші ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті.

Оқиға халықаралық «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолында орын алған. Бастапқы мәліметтер бойынша, жолда алдымен жеңіл автокөлік сиырды қағып кеткен. Осыдан кейін бір топ ер адам жүйткіп келе жатқан көліктерге кедергі келтірмеу үшін өлексені жолдың жүру бөлігінен алып тастауға тырысқан. Дәл осы сәтте Базарбек тізгіндеген «Toyota Rav-4» автокөлігі жолда тұрған азаматтардың бірін қағып кеткен.

Соқтығыс салдарынан 36 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, шұғыл түрде Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің хабарлауынша, науқастың жағдайы өте ауыр. Оған жабық бас-ми жарақаты және мидың соғылуы, білек сүйегінің жабық сынуы, сирақ сүйегінің ашық сынуы және I дәрежелі травматикалық шок диагноздары қойылған.

Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаны растап, Kursiv.Media тілшісіне жауап берді.

«Аталған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Т. Рысқұлов аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі Б. есімді азамат жол үстінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар