Әйгілі супермодель Наталья Водянова қазақ стартапы Higgsfield-ке қосылды
Қазақстандық Higgsfield стартапы Series B. инвестициялар раунды аясында 400 млн доллар тартты. Енді компания 5,4 млрд доллар деп бағаланды. Бұл жайлы компания ресми түрде хабарлады.
Раундты басқарған негізгі инвестор – DST Global фирмасы. Одан бөлек жаңа инвесторлар қатарында Goldman Sachs Alternatives, Smash Capital, Intel Capital тәрізді ірі қорлар және супермодель Наталья Водянова бар. Ол тек инвестор ғана емес кеңесші де болмақ.
«Қазір бір жерде талғамы тамаша, бірақ қалтасы жұқа бір жас азамат бар делік. Higgsfield оған өз тарихын жазуға керемет мүмкіндік береді. Оның құралдары арқылы жаңа нәрсе пайда болады. Нағыз болашақ осында екеніне сенемін», – деді Наталья Водянованың бұл шешімі туралы.
Водянова – супермодель, сән әлеміндегі ықпалды тұлғаның бірі. Ол LVMH империясының негізін қалаушы, миллиардер Бернар Арноның ұлы Антуан Арноның әйелі.
Higgsfield негізін қалаушы – қазақстандық инженер Ерзат Дулат және бұрын Snap-та жұмыс істеген Алекс Машрабов. Компания инвестордан тартқан қаржыны жаңа нарыққа шығып, жаһандық инфрақұрылымды дамытып, жаңа зерттеулер жүргізу үшін пайдаланбақ.
Былтыр күзде Higgsfield AI стартапының құны 1 млрд доллар деп бағаланып, ел тарихында алғаш рет unicorn (сыңармүйіз стартап) мәртебесіне ие болған.
Оқи отырыңыз: Yenlik отандық Higgsfield Ai стартабының амбассадоры болды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026