Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Белгілі ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден озды

kz.kursiv.media

Белгілі ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден озды

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, еңбек сіңірген қайраткер, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бекжан Әшірбаев 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

Ол ғұмырының елеулі бөлігін журналистика саласына арнады. Әр жылдары «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, Azamat.kz апталығының бас редакторының бірінші орынбасары, «Ел мен Жер» басылымының бас редакторы, сондай-ақ «Жас қазақ үні» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінің бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық «Қазақ әдебиетi», «Жұлдыз», «Жас қазақ үнi», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Kursiv.Media ұжымы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар