Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауылға жақындап қалды: Қарқаралыдағы өртке қатысты тұрғындар дабыл қақты

kz.kursiv.media

Ауылға жақындап қалды: Қарқаралыдағы өртке қатысты тұрғындар дабыл қақты

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған ауылы маңындағы өртке қатысты әлеуметтік желіде тұрғындардың алаңдаушылығы күшейді. Олар өрттің ауылға жақындағанын айтып, қосымша техника мен шұғыл көмек сұрап жатыр.

Бір тұрғын Threads желісіндегі жазбасында ҚХ «Береке» маңында шамамен 4 мың бума шөптің өртеніп жатқанын жазған. Оның айтуынша, өрттің нақты аумағы әзірге белгісіз, ал жалын совхозға қарай жақындап келеді.

«Өрттің аумағы кеңейіп, қауіп күшейіп бара жатыр. Шұғыл көмек қажет!» – деп жазды ол.

Тағы бір тұрғын Жаңатоған (Бейбітшілік) ауылындағы жағдайға алаңдап, ауылға қажетті өрт сөндіру техникасы жетпей жатқанын мәлімдеген.

Оның жазуынша, өрт салдарынан тұрғындардың шөбі мен қыстаулары өртенген. Ауыл адамдары жалынды өз күштерімен ауыздықтауға тырысып жатқанын айтқан.

«Жалғыз ауыл адамдарының күші жетпейді. Жанымыздан жан қалмады алаңдап», – деп жазды тұрғын.

Сондай-ақ ол туысының өрттен зардап шеккенін айтып, 50 пайыз күйікпен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеген. Бұл ақпарат әзірге әлеуметтік желідегі тұрғынның жазбасына негізделген.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметінше, Жаңатоған ауылы маңындағы құрғақ шөптің өртенуін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге қатты жел мен таулы жер бедері кедергі келтіруде.

17 тамыз таңертең өрт аумағына жүргізілген әуеден бақылау кезінде жаңа ашық жану ошақтары анықталмаған. Сондай-ақ ресми мәліметте елді мекендерге қауіп жоқ екені айтылған.

Өрттен екі ер адам зардап шеккен. Ресми органдардың мәліметінше, өрттен зардап шеккен екі адамның денесінің 10 және 20 пайызы күйген. Алайда бұл ақпарат тұрғындардың әлеуметтік желідегі жазбаларында айтылған мәліметтермен сәйкес келмейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар