Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлын құттықтады

kz.kursiv.media

Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлын құттықтады

Астанада қазақ күресінен «Qazaqstan Barysy – 2026» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы бозкілем додасы сенсациялық нәтижемен аяқталып, бас жүлде мен алтын белбеуді маңғыстаулық жас палуан Жантілек Нұртілепұлы жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv Media. Жеңімпазға чемпиондық титул, «Тайтұяқ» ауыспалы кубогы мен 15 млн теңге көлеміндегі ақшалай жүлде табысталды.

Турнирге алғаш рет қатысып отырған жас спортшы жарыс барысында ерекше қайсарлық, жоғары дайындық пен озық шеберлік танытып, биылғы доданың басты жаңалығына айналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын беделді турнирдегі айқын жеңісімен арнайы құттықтады. Президент бұл бәсекедегі триумф палуанның жеңіске деген мүлтіксіз ерік-жігері мен кәсіби шеберлігінің жарқын көрінісі екенін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, «Qazaqstan Barysy» сияқты додалар өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға және ұлттық спорт түрлерімен бұқаралық түрде айналысуға ынталандыратын басты факторлардың бірі болып табылады.

Жантілек Нұртілепұлының бұл жеңісі еліміздегі жастар спортының қарқынды дамып келе жатқанының және қазақ күресінде жаңа буын буырқанып шығып жатқанының айқын дәлелі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар