Тesla тамыздың соңына дейін Cybercab роботаксилерін іске қоспақ
Tesla компаниясы тамыз айының соңына дейін АҚШ-тың Остин қаласының көшелеріне арнайы әзірленген Cybercab роботаксилерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters хабарлады. Алғашқы кезеңде роботакси қызметін компания қызметкерлері пайдаланады. Кейін жүргізушісіз көліктер қолданыстағы Robotaxi сервисіне қосылады.
Cybercab – жүргізушісіз жүруге арнайы әзірленген, екі адамға арналған электромобиль. Оның рөлі мен педальдары жоқ. Модельдің жаппай өндірісі 2026 жылдың көктемінде басталған.
Tesla бұған дейін Cybercab көліктерін Остин жолдарында сынақтан өткізіп, төтенше жағдай қызметтерінің өкілдерін жүргізушісіз көліктермен жұмыс істеуге үйреткен.
Алайда технологияны кең көлемде енгізу кезінде реттеуші талаптар кедергі болып отыр. Мысалы, Невадада компания 5 мың роботаксиді пайдалануға рұқсат алуды көздеген. Бірақ әзірге шектеулермен небәрі 10 көлікке ғана рұқсат берілген.
Роботаксиді іске қосуға дайындық жүріп жатқан тұста әлеуметтік желіде Tesla Cybercab көлігіне қатысты видео тарады. Кадрларда көлік иілгіш қоршаулардың алдына келіп, бірнеше рет тоқтағаннан кейін оларды басып өтіп кеткені көрінеді.
Видеоның нақты қашан түсірілгені әзірге расталған жоқ. Tesla бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Тағы да оқыңыз: Tesla алғаш рет екі доңғалақты көлік шығарды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 18
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026