Қызы анасына бауырын берді
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында трансплантация саласында тағы бір маңызды қадам жасалды. Яғни, алғаш рет тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы жергілікті мамандардың өз күшімен жасалды. Дәрігерлер алғаш рет сырттан маман шақырмай, тірі туыстық донордан бауыр ауыстыру операциясын өз күштерімен сәтті орындады. Бұл – ауруханадағы алтыншы бауыр трансплантациясы. Жоғары технологиялық операцияға хирург-трансплантологтар, анестезиологтар және өзге де медицина мамандары қатысты.
Күрделі жоғары технологиялық операция аурухана мамандарының кәсіби дайындығының жоғары деңгейін, командалық жұмыстың үйлесімділігін және жинақталған тәжірибесін көрсетті. Ең әсерлісі — 59 жастағы науқастың доноры оның 22 жастағы қызы Нұрай Рахимова болды. Қызы анасына донор болу туралы ерікті түрде шешім қабылдап, барлық қажетті медициналық тексерулерден өтті.
Айта кетейік, бұған дейінгі бес операция академик, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жүзеге асқан болатын. Ал бұл жолы күрделі отаны облыстық аурухананың өз трансплантологиялық командасы жасады. Бұл, Түркістандағы трансплантологияның жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететін маңызды жетістік дейді жауаптылар.
НҰРГҮЛ Жолымбетова
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 18
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026