Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйелге қол көтеру – шариғатқа да, ерлікке де жат - ҚМДБ

kz.kursiv.media

Әйелге қол көтеру – шариғатқа да, ерлікке де жат - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамда жиі талқыланатын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Мүфтият өкілдері әйелге күш көрсету мен отбасындағы әлімжеттік Ислам құндылықтарына түбегейлі қайшы келетінін атап өтті.

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, Ислам дінінде әйел заты – Алланың ер азаматқа сеніп тапсырған аманаты. Ал аманатқа қиянат жасау, яғни аяулы жанға қол көтеру – нағыз әлсіздік пен жауапсыздықтың көрінісі.

Үкілеп өсірген қызын ақ босағадан үлкен үмітпен шығарып салған әрбір әке мен ананың тілегі – перзентінің барған жерінде бақытты болуы. Басқарма бұл аманатқа әрбір ер азамат үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін ескертеді.

Мәлімдемеде тұрмыстық кикілжің кезіндегі сәтсіз эмоцияның арты өкінішке ұласатыны баса айтылды. Ашу басылып, ұрыс ұмытылғанымен, ашу үстінде көтерілген қол мен айтылған ауыр сөз әйелдің жүрегінде өмір бойы өшпейтін жара қалдырады.

ҚМДБ отбасы әрбір адам үшін ең қауіпсіз, мейірім мен тыныштық ұялаған мекен болуы керектігін жеткізді. Әйел өз үйінде қорқынышпен емес, аяланып өмір сүруге тиіс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әйелді жылату азаматтыққа да, мұсылмандыққа да жатпайтынын, ал оған қорған болып, қамқорлық таныту – нағыз ердің міндеті екенін еске салады.

Бұған дейін, Димаш Құдайберген әйелге қол көтергендерді малға теңеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар