Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтардың үш ай бойы төлемеген кредиті 1,8 трлн теңгеден асты

kz.kursiv.media

Қазақстандықтардың үш ай бойы төлемеген кредиті 1,8 трлн теңгеден асты

Төленбегеніне үш айдан асып кеткен, қайтарылуы екіталай несие көлемі 1,8 трлн теңгеге жуықтады. Осылайша, әрбір жиырмасыншы несие «проблемалық» қарызға айналған. Ал жалпы төлемі кешіктірілген несиелердің жиынтығы 3,3 трлн теңгеден асып жығылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінің банк секторына шолуында жазылған.

Соған қарамастан екінші деңгейлі банктердің қаржы жағдайы бекем. Жыл басынан бері олардың активтері 4,9%-ға ұлғайып, 76,4 трлн теңгеге жетті. Қаржы ұйымдарының негізгі күші мен кірісі – қарапайым халыққа берілген несиелер.

Банк портфелінің жартысынан астамын, яғни 25,8 трлн теңгесін жеке тұлғалардың қарызы құрайды. Оның ішінде күнделікті тұтынуға алынған несиелердің үлесі 17,4 трлн теңгеге жуықтады.

Бизнес өкілдері арасында шағын және орта кәсіпкерлік белсенділік танытып отыр. Банктер ШОБ секторына 12,1 трлн теңге несие беріп, бұл бағытты 9,6%-ға өсірді. Ал ірі компаниялар керісінше сақтық танытып, қарыз алуды 11,1%-ға азайтқан.

Қазақстанда 23 банк жұмыс істейді. Оның 14-і шетелдік капиталдың қатысуымен ашылса, біреуі толығымен мемлекетке тиесілі. Банктер ықтимал шығындардың алдын алу үшін 2,07 триллион теңге арнайы резерв жинап қойған.

Халықтың банкерден бөлек, микроқаржы ұйымдарынан алып, уақытында төлемеген шағын қарызы 323 млрд теңгеден асты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар