Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

21 жастағы жігіт радикалды контент үшін 7 жылға сотталды

kz.otyrar.kz

21 жастағы жігіт радикалды контент үшін 7 жылға сотталды

Әлеуметтік желідегі бір ғана «репост» немесе бейнеролимді бөлісу радикалды идеологияның таралуына жол ашып, қоғамдағы діни тұрақтылыққа сызат түсіруі мүмкін. Кей жағдайда мұндай әрекеттің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Мәселен, Шымкентте 21 жастағы тұрғын Telegram мен Instagram-да радикалды контентті жүйелі түрде таратқаны үшін 7 жылға түрмеге тоғытылды.

Әлеуметтік желідегі жазбаны бөлісу немесе бейнероликті тарату көпшілік үшін жай ғана бір батырманы басу сияқты көрінуі мүмкін. Алайда мазмұны діни алауыздықты қоздырып, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын болса, оның салдары ауыр. Мұндай контент қоғамда өшпенділік пен араздықты күшейтіп, әсіресе діни сауаты төмен жастарды радикалды идеологияның ықпалына түсіруі мүмкін.

ДІНИСЛАМ ӘЛЖАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Әлеуметтік желілерде діни алауыздықты, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдарды таратуға жол бермеңіздер. Жуырда 21 жастағы қала тұрғыны Telegram және Instagram желілерінде радикалды контентті жүйелі түрде таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды».

Бұл интернеттегі әрекеттің де заң алдында жауапсыз қалмайтынын көрсететін нақты мысал. Сондықтан мамандар кез келген діни ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырады.

ДІНИСЛАМ ӘЛЖАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған байланысты, азаматтарды күмәнді діни топтар мен чаттарға қосылмауға және радикалды контентті таратпауға шақырамыз».

Құқықтық және діни сауаттылық қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды кепілі. Сондықтан әлеуметтік желідегі кез келген ақпаратты таратпас бұрын оның мазмұны мен заң талаптарына сәйкестігіне мән берген жөн. Шымкент қаласының прокуратурасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың сақталуын тұрақты бақылауда ұстайды.

нұргүл Жолымбетова

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар