Қазақстан нарығындағы ең қымбат 20 компания (Инфографика)
Kursiv Media 2026 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша KASE және AIX алаңдарындағы Қазақстанмен байланысты ең ірі 20 жария компанияны нарықтық капитализациясы бойынша салыстырды.
Қазақстан қор нарығындағы ең қымбат компанияның құны $46 млрд-тан асады. Бұл – «ҚазМұнайГаз». Компанияның нарықтық капитализациясы шамамен $46,3 млрд болып, екінші орындағы «Қазатомөнеркәсіптен» екі еседен астам жоғары.
Екінші орында уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» – $18,9 млрд, ал алғашқы үштікті Kaspi.kz – $18,7 млрд көрсеткішімен түйіндейді. Үш компанияның жиынтық нарықтық құнының өзі шамамен $84 млрд болады.
Рейтингке KASE-де саудаланатын компаниялармен қатар AIX алаңындағы, бірақ KASE тізімінде жоқ Қазақстанмен байланысты ірі эмитенттер де енгізілді. Соның арқасында Freedom Holding Corp. $9,9 млрд капитализациямен төртінші орынға, ал Solidcore Resources $4,3 млрд көрсеткішпен алтыншы орынға шықты. Jiaxin International Resources-тың нарықтық құны шамамен $3,7 млрд.
Банк секторында көш басында Halyk Bank тұр. Оның капитализациясы шамамен $9,4 млрд. Одан кейін ForteBank — $2,5 млрд, Банк ЦентрКредит — $1,9 млрд. Яғни Halyk-тің нарықтық бағасы келесі екі банктің капитализациясын қосқандағыдан да жоғары.
Ал телеком секторында Kcell — $1,4 млрд, «Қазақтелеком» — шамамен $1 млрд. Инфрақұрылымдық компаниялар арасында «ҚазТрансОйл» мен KEGOC-тың капитализациясы тиісінше $939 млн және $856 млн шамасында.
TOP-20-ның төменгі бөлігінде де нарықтық құны бірнеше жүз миллион доллар болатын компаниялар бар. Air Astana шамамен $548 млн, Alatau City Bank — $437 млн, ал «Алтыналмас» — $329 млн деп бағаланады.
Рейтинг бір нәрсені анық көрсетеді: Қазақстан қор нарығындағы капиталдың едәуір бөлігі әлі де мұнай, уран, қаржы және финтех секторларында шоғырланған. Ал капитализациясы $1 млрд-тан асатын компаниялардың қатары әзірге салыстырмалы түрде қысқа.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 18
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026