Қытайда жасалған Volkswagen және Jetta Алматыда таныстырылды
Алматыда Volkswagen және Jetta жаңа модельдік қатарларының таныстырылымы өтті. Bora седаны Trendline және Comfortline жиынтықтарында ұсынылады.
Бұл туралы Қытай көліктері сайты хабарлады. Олардың бағасы — 12 900 000 теңгеден басталады. Автокөлік 160 ат күшіне ие 1.5 TSI қозғалтқышымен және 7 сатылы DSG трансмиссиясымен жабдықталған.
Passat седанының бағасы 19 000 000 теңгеден басталады. Модель Comfortline және Highline жиынтықтарында ұсынылып отыр. Көлік 220 ат күшін шығаратын 2.0 TSI қозғалтқышымен жабдықталған.
Tayron кроссовері 16 990 000 теңгеден басталады. Ол Comfortline, R-Line және R-Line Plus жиынтықтарында қолжетімді. Барлық нұсқалар 220 ат күшіне ие 2.0 TSI қозғалтқышымен және 7 сатылы DSG трансмиссиясымен жабдықталған. Ал R-Line және R-Line Plus нұсқаларында 4MOTION толық жетекті жүйесі бар.
Флагмандық Talagon кроссоверінің бағасы 25 630 000 теңгеден басталады. Ол Comfortline және R-Line жиынтықтарында ұсынылады.
Сонымен қатар Қазақстанда жаңа Jetta бренді пайда болды. Қазір Қазақстанда Volkswagen мен Jetta-ның 7 қалада 8 дилерлік орталығы бар. 2030 жылға қарай олардың санын бүкіл Қазақстан бойынша 20 дилерлік орталыққа жеткізу жоспарланып отыр.
Барлық көлік Қытайдан жеткізіледі. Кейбір модельдер бастапқыда тек Қытай нарығына арналған болатын. Енді Volkswagen логистикасын кеңейтіп жатыр.
Ал Jetta брендіне келсек, оны Volkswagen мен қытайлық FAW концерні 2019 жылы Қытайда жергілікті нарыққа арзан балама ретінде құрған. Бастапқыда бренд модельдерін экспорттау жоспарланбаған.
Алайда Қытайда электромобильдер мен гибридтерге деген қызығушылықтың артуына байланысты Jetta көліктерінің сатылымы жеткілікті деңгейде болмады. Бұл жас брендтің халықаралық нарыққа шығуына түрткі болды.
Осылайша, 2024 жылы Jetta Ресей нарығына ресми түрде шықты. Кейін брендтің кейбір модельдері Иранда, одан соң Молдовада таныстырылды. Енді Jetta Қазақстан нарығына да келді.
Қазақстанға қытайлық өндірістен шыққан Jetta VA7, VS7 және VS8 модельдері жеткізіледі. Олардың барлығы 1.4 турбо қозғалтқышымен жабдықталған. Кроссоверлерде 6 сатылы Aisin автоматты беріліс қорабы, ал седанда DSG роботтандырылған трансмиссиясы қолданылады.
Jetta VA7 — 8 990 000 теңгеден. Trendline, Comfortline және Highline жиынтықтарында ұсынылады.
Jetta VS7 — 9 850 000 теңге.
Ал флагмандық Jetta VS8 бағасы 11 000 000 теңгеден басталады.
Айта кететін жайт, Volkswagen концерні Қазақстан нарығына ең танымал модельдерінің бірін қайта шығармақ. Tayron L кроссоверінен кейін Қытайда шығарылатын жаңа Volkswagen Passat та Қазақстанға әкелуге қажетті сертификат алған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 18
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026