"Барни үшін ұрған": Мадинаның мүддесін Инга Иманбай қорғайды
Бір шоколад үшін жұбайынан «таяқ жеп», «өз-өзіне қол жұмсап» қайтыс болды деген Мадинаның мүддесін белгілі адвокат Инга Иманбай қорғайтын болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Адвокаттың сөзінше, істі қолға алу туралы Мадинаның анасы өтініш жасаған.
«Мадина үшін әділдік! Мадинаның өліміне қатысты істі анасының өтінішімен Жан Ахмадиев екеуміздің командамыз қолға алды. Енді бұл істі ақпараттық та, заңгерлік те тұрғыдан соңына дейін алып барамыз. Мадинаның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып, әділ құқықтық баға берілуі үшін бар күшімізді саламыз», – деп жазды Иманбай.
Бұған қоса, заңгер істің назардан тыс қалмауы, ақиқаттың анықталуы және әділдіктің орнауы үшін оған үн қосу керектігін еске салды.
Публикация от Инга Иманбай | Заңгер (@inga_imanbay)
Айта кетейік, Соңғы екі күнде бір шоколад үшін күйеуінен соққы жеген Мадинаның оқиғасы қоғамды шошытты. Марқұм құрбысы Зейнеп Мұсахожановаға «Барни» шоколады үшін күйеуі ұрғанын жазған. Қазір Мадинаның артында сегіз айлық баласы қалды. Бүгін Алматыда оның жаназасы өткен еді.
Қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бастапқыда Мадина өз-өзіне қол салды деген жаңалық тараған, бірақ Мадина туыстары оған сенбейді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 18
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 тамыз 2026