Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тамыздағы ҰБТ-да 53% талапкер шекті балл жинады

kz.kursiv.media

Тамыздағы ҰБТ-да 53% талапкер шекті балл жинады

Ғылым және жоғары білім министрлігінде өткен тамыз айындағы ҰБТ қорытындысы шығарылды. Оны 27 мыңнан астам адам тапсырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Талапкерлердің 53%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 55 балды құрады. Ең жоғары балл – 136.

«ҰБТ өткізу кезеңінде ережені бұзудың 66 фактісі анықталды. Оның ішінде смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекеттенгені үшін 30 талапкер тестілеу тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 36 адам шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ», – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

31 қазанға дейін комиссия бейнежазбаларға талдау жүргізеді. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Тамыздағы ҰБТ-ға мектептер мен колледждердің биылғы және өткен жылдардағы түлектері; қандастар; шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының түлектері; шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа дайындық бағыттарына, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер; сондай-ақ өткен оқу жылында шекті балл жинай алмай, жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылданғандар қатысады.

Министрлікте атап өткендей, ЖОО-да өз мамандығы бойынша ақылы негізде оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері сұхбаттасу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында жүргізіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар