Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан аумағында Telegram мен Pinduoduo бұғатталуы мүмкін

kz.kursiv.media

Қырғызстан аумағында Telegram мен Pinduoduo бұғатталуы мүмкін

Microsoft, Telegram тәрізді ірі шетелдік платформалар елде тіркеліп, салық төлеуі керек. Қырғызстан билігі осындай талап қойып отыр. Егер ресми салық төлеуші ретінде тіркелмесе, сервистер ел аумағында бұғатталады.

Мемлекеттік салық қызметінің дерегінше, елде қазір 73 шетелдік компания тіркеуге тұрған. Бірақ ол тізімде Microsoft, Telegram, Pinduoduo, Alibaba (1688), Twitch, Valve, Sony Interactive Entertainment, Epic Games, Electronic Arts, VK және Dropbox тәрізді 11 ірі компания жоқ. Олар Қырғызстан аумағынан табыс тауып отыр, бірақ ел бюджетіне салық төлемейді.

Олар төлеу керек берешек көлемі де өте үлкен. Мемлекеттік салық қызметінің мәліметінше, 2024–2025 жылдары ғана Қырғызстан тұрғындары бұл компанияларға жалпы сомасы 151 млн доллардан астам (немесе 13,2 млрд сом) аударым жасаған.Салық қызметі енді аталған шетелдік компаниялардан Қырғызстанда тіркеуден өтуді және салық төлеуді талап етіп отыр.

Бұл талап орындалмаса, билік өкілдері ел аумағында олардың сервистеріне шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертті. Осылайша, бұғатталуы мүмкін қызметтердің қатарында Telegram, ойын платформалары және Microsoft сервистері бар.

Оқи отырыңыз: ChatGPТ мен AliExpress Қазақстанға миллиардтаған салығын қайтарды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар