Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада кісі өлтіргендердің кім екені 21 жылдан кейін анықталды

kz.kursiv.media

Астанада кісі өлтіргендердің кім екені 21 жылдан кейін анықталды

Полиция 20 жылдан астам уақыт бұрын кісі өлтіріп, қылмыс жасағандарды анықтап, қамауға алды.

Polisia.kz хабарлауынша, Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді. Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.

«Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда», – делінген ақпаратта.

Полицияның мәліметше, тергеу жалғасып жатыр. ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтты.

Айта кететін жайт, Қостанайда ер адам әйелін өлтіріп, денесін дәретханаға жасырып, өзі екі ай бойы іздеген түр танытқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар