Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Андерлехттен" өтуге болатынын айтты

kz.kursiv.media

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Андерлехттен өтуге болатынын айтты

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі Бельгияның «Андерлехтіне» қарсы шешуші кездесу алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Бас бапкер қарсыластың қауқары мен командадағы кадрлық түйткілдер туралы ойын айтты.

Алаңның жағдайын әлі өз көзіммен көрген жоқпын, Агрономымыз суреттен көрсетті. Жалпы жағдайы жаман емес. Күннің қатты ысуына байланысты шөп біршама сарғайған. Жеті күн ішінде кей жерлері күйіп кетіпті. Жалпы ойнауға болады, – деді бас бапкер.

«Андерлехт» қандай қарсылас?

«Андерлехттің» ойындарын көріп, мұқият зерттедік. Бельгияның ең атақты әрі ең титулды клубы. Құрамында жас таланттар да, тәжірибелі ойыншылар да жетерлік. Алдыңғы раундтағы ПАОК-пен ойынды алатын болсақ, грекиялық ұжымның келесі кезеңге өтуге толық мүмкіндігі болған. Бәрін Грекиядағы жылдам соғылған гол мен соға алмаған пенальти шешіп кетті. ПАОК-та басымдық болды, ал бельгиялықтар есепке қарап ойнады. Біз сәтті нәтижеге жететінімізге сенеміз және оң көрсеткіш үшін барымызды саламыз, – деп атап өтті Уразбахтин.

Трансферлер мен жарақаттар

Трансферге қатысты сұрақтарды басшылыққа қойған дұрыс, бұл мәселемен солар айналысады. Жоржиньо ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды. Енді қолымызда бар ойыншыларға сенім артамыз. Маусымның қалған бөлігіне құрамның әлеуеті жете ме, жоқ па – оны қазір дөп басып айта алмаймын, – деп сөзін түйіндеді «Қайраттың» бас бапкері.

Болгариялық «Левскиден» ұтылғаннан кейін алматылық «Қайрат» еурокубоктегі жолын Еуропа лигасы квалификациясының плей-офф раундында бельгиялық гранд «Андерлехтке» қарсы жалғастырады. Алғашқы ойын 20 тамыз күні Алматыда өтсе, қарымта кездесу Бельгияда 27 тамыз күнге жоспарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар