Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлемдік сән үйлерінің киімін таныстырған қазақстандық модель Ұлттық ұланда қызмет етіп жүр

kz.otyrar.kz

Әлемдік сән үйлерінің киімін таныстырған қазақстандық модель Ұлттық ұланда қызмет етіп жүр

Бір кездері әлемнің сән подиумдарында жүріп, әйгілі брендтердің киімдерін көпшілікке таныстырған Шыңғыс Таңатпаев бүгінде әскери форма киіп, Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Таңатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Бойы мен келісті келбеті оны сән индустриясына жетелеп, халықаралық подиумдарға шығарған. Ол Францияның әйгілі Pierre Cardin сән үйінің, Италияның Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің киімдерін көрсетіп, әлемнің түрлі елдерін шарлаған.

Ал бүгінде ол әскерге келіп, подиумдағы нық қадам саптағы әскери жүріске ауысқан. Бір қарағанда, модельдік өнер мен әскери қызметтің арасы жер мен көктей көрінуі мүмкін. Алайда екеуіне де ортақ дүние бар. Ол — тәртіп пен жинақылық. Подиумда өзін еркін әрі сенімді ұстай білу қажет болса, әскери қызметте де әр қимылға жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырманы дәл орындау маңызды.

Сарбаз қазіргі уақытта Қарағанды қаласының қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға өз үлесін қосып жүр. Күн сайын әскери міндетін абыроймен атқарып, бұқаралық іс-шаралар кезінде және адам көп шоғырланған орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды.

Қызмет барысында тұрғындармен тікелей байланысып, түрлі жағдайларда көмек көрсетуге де атсалысады. Ата-анасынан адасып қалған балаларды тауып, оларды жақындарына табыстауға, сондай-ақ тұрғындардың жоғалған бағалы заттарын қайтаруға көмектескен кездері бар.

Айта кетейік, бүгінде 7 мыңнан астам ұландық күн сайын елдің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзету қызметін атқарады. Ал шахтерлер қаласында бұл қызметті орындауға күніне 250-ден астам сарбаз жұмылдырылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар