Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Қазақстан тұрғыны сталкинг үшін сотталды

kz.kursiv.media

Шығыс Қазақстан тұрғыны сталкинг үшін сотталды

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы азаматтық жұбайының соңына түсіп, аңдыған және оның мүлкіне зақым келтірген тұрғынға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Құзырлы органының мәліметінше, облыс орталығының тұрғыны үш ай бойы бұрын бірге тұрған әйелін заңсыз аңдып, мазасын алған. Үздіксіз қоңырау шалып, балағат сөздер, қоқан-лоқы жазылған хабарламалар жіберген, оның көлігін зақымдаған.

Сот процесі барысында айыпталушының екі эпизод бойынша да айыбы толық дәлелденді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 115 және 115-1-баптары бойынша айыпты деп танып, 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа жекті. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жеке бастың тиіспеушілігіне қол сұққандар жазадан жалтарып кете алмайтынын ескертті.

Еске сала кетейік, 2026 жыл басынан бері Қазақстан соттарына сталкинг фактілері бойынша 83 қылмыстық іс жолданған. Егер сталкинг қайта қайталанса, адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жақында ғана шымкенттік бойжеткен Нұрай Серікбайға сталкинг жасап, оны өлтіргені үшін Шерхан Аймахан өмір бойына сотталған еді.

Оқи отырыңыз: Депутат қай өңірлерде сталкинг жиі кездесетінін айтты

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар