Гарри ханзада мен Меган Маркл алты жылдан кейін Ұлыбританияға қайта оралады
Гарри ханзада мен Меган Маркл Ұлыбританияға қайта оралуды жоспарлап отыр. Сассекс герцогі мен герцогинясы корольдік міндеттерінен бас тартып, АҚШ-қа көшкеніне алты жыл толғаннан кейін қайта еліне келмекші деп жазады BBC.
Ағылшын БАҚ-ы таратқан мәліметке сүйенсек, Гарри мен оның жұбайы Меган тамыздың аяғында Калифорниядан Лондоннан тыс жердегі жеке резиденцияға көшуді көздеп отыр. Олардың балалары, жеті жасар Арчи ханзада мен бес жасар Лилибет ханшайым қыркүйек айында британдық мектепте оқуды бастауы тиіс.
BBC News хабарлағандай, Карл III баласының көшіп келетіні туралы тек өткен жексенбіде ғана білген. Бірақ Гарри ханзада да, Меган Маркл да да корольдік отбасы мүшелері ретіндегі міндеттеріне қайта оралуды жоспарлап отырған жоқ. Яғни екеуі корольдік отбасының мүшесі емес, жеке тұлға болып қала береді.
Гарри ханзада мен Меган Маркл король отбасының мүшесі деген статустан бас тартып, 2020 жылдың көктемінде Ұлыбританиядан АҚШ-қа көшіп кеткен еді. Олар БАҚ пен қоғам тарапынан үлкен қысымға ұшырадық деп мәлімдеген. Ал Меган Маркл британдық корольдік отбасын нәсілшілдікке айыптады. Бұл оқиға ағылшын монархының тарихындағы ең бір елеулі оқиғаның бірі болды.
Танымал жұп 2022 жылы ғана патшайым Елизавета ІІ қайтыс болғанда жерлеу рәсіміне келіп қатысты.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 тамыз 2026