Қарағандыда табиғи өрт екі тікұшақтың көмегімен оқшауланды
Қарағанды облысының Шет ауданында Үңірек ауылының маңында табиғи өрт тоқтатылды. Өрттің жалпы ауданы 650 гектарды құрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
ТЖМ мәліметінше, жалын 613,6 гектар аумақтағы құрғақ шөпті, сондай-ақ, Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы аумағында орналасқан орман қорының учаскесін шарпыған. Өрттің орман алқаптарына одан әрі таралу қаупінің алды алынды.
Өртті өшіруді таулы-бөктерлі рельеф, бөлек учаскелердің өтуге қиындығы және қатты жел қиындатты. Қашықтағы ошақтармен күресу үшін ТЖМ авиациясы тартылды.
«Су төгу құрылғылары бар екі тікұшақ 26 рет су тастады. Өрт ошақтарына барлығы 78 тонна су төгілді. Сондай-ақ өртті жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының және басқа да қызметтердің 310-ға жуық адамы мен 44 техникасы қатысты», — деп хабарлады ТЖМ.
Қазіргі уақытта мамандар жекелеген бықсу ошақтарын жойып, аумақты сумен суғаруда. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Айта кететін жайт, 17 тамызда Қазақстанда 12 орман өрті анықталды.
- Соңғы
- Тамыз, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 тамыз 2026