Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ертеңнен бастап елдің басым бөлігінде күн салқындайды

kz.kursiv.media

Ертеңнен бастап елдің басым бөлігінде күн салқындайды

«Қазгидромет» 20-22 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Kursiv.media.

Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. 20 тамызда Қазақстанның орталығында, 21 тамызда шығысында, 22 тамызда солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30+38°C, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін көтеріледі.

Қалған аумақта да ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Қостанай облысында ауа температурасы +20+30°C, солтүстік облыстарда +17+28°C, орталық және шығыс өңірлерде +17+30°C, ал Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30+38°C болады деп болжанады.

Бұған дейін «Қазгидромет» күзде ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялаған еді.

Синоптиктер болжамына сәйкес, қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болса, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облысында жылырақ болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар