Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кітапқа деген махаббаттан туған кәсіп

kz.otyrar.kz

Кітапқа деген махаббаттан туған кәсіп

Кітап – адамды ізденуге, ойлануға және өз пікірін қалыптастыруға жетелейтін ерекше құрал. Әсіресе бала кезден кітап оқуға дағдыланған адамның дүниетанымы кеңейіп, қиялы мен сөздік қоры қалыптасады. Қазір ақпараттың басым бөлігі интернет пен әлеуметтік желі арқылы тарағанымен, кітаптың адам өміріндегі маңызы төмендеген жоқ. Керісінше, пайдалы әрі сапалы ақпаратты таңдай білу бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

Кітап әлемін кәсіппен ұштастырып жүрген жандардың бірі – Жансая Әділханқызы Отаубаева. 34 жастағы көпбалалы ана үшін кітап дүкені бастапқыда бизнес жоба ретінде емес, балаларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатынан басталған. Уақыт өте келе бұл ой кәсіпке айналып, бүгінде ол оқырмандарға түрлі бағыттағы кітаптарды ұсынумен айналысып келеді. Жансаяның айтуынша, кәсіпке келуіне ең алдымен өз балаларын кітап оқуға баулу ниеті себеп болған. Ол балаларының білімді тек интернеттен немесе әлеуметтік желіден алғанын емес, кітап оқып, ізденіп, өз бетінше ой қалыптастырғанын қалаған. Себебі кітаптың баланың болашағына, дүниетанымына және ойлау қабілетіне әсер ететін құндылығы мол екенін түсінген.

Бастапқы мақсаты кітап сату емес еді. Ең әуелі балаларында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздеді. Кейін бұл ой біртіндеп үлкен мақсатқа ұласып, кітап дүкенін ашуға алып келді. Өз балалары кітапты жақсы көрсе, басқа балалар да кітапқа қызықса деген ниет кәсіптің негізгі бағытына айналды. Кәсіптің ішінде жүріп, кітаптың адам өміріне ықпалын тереңірек түсінген Жансая болашақта қайырымдылық жобаларын ұйымдастырып, кітапқа қолы жете бермейтін балаларға кітап сыйлауды және өзінің жеке кітапханасын ашуды армандайды. Оның пайымынша, үлкен мақсаттардың барлығы кішкентай қадамнан басталады.

– Мен үшін кітап дүкені тек табыс көзі емес, одан да үлкен мәнге ие дүние. Әрине, кез — келген кәсіптің мақсаты – пайда табу. Бірақ кітап саласында сен жай ғана тауар сатпайсың. Сен адамның ойына, баланың тәрбиесіне, бір отбасының дамуына әсер ететін дүниені ұсынасың. Сондықтан мен үшін кітап дүкені – бизнес пен миссияның үйлесімі. Кітап арқылы адамдарға пайдалы болу, дұрыс кітапты оқырманға жеткізу – мен үшін өте маңызды.

– Кітап әлемі өте кең. Әр бағыттың өз оқырманы бар. Мен балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлемін. Себебі баланың кітаппен ерте танысуы оның ойлауына, қиялына, сөздік қорына және дүниетанымына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар алдағы уақытта қаржылық сауаттылықты дамытатын кітаптарды көбірек сатқым келеді. Өйткені қазір жастардың табысы көбейіп келе жатқанымен, оны дұрыс басқару мәселесі бар. Кейбір жастар тапқан ақшасын жоспарлай алмай, несиеге, қарызға кіріп жатады. Сондықтан ақша табуды ғана емес, ақшаны басқаруды, жинауды және қаржылық жауапкершілікті үйрететін кітаптардың маңызы өте жоғары деп ойлаймын.

– Жоқ, міндетті түрде олай емес. Кітаптың трендке айналуы оның міндетті түрде сапалы екенін білдірмейді. Кейде әлеуметтік желідегі жарнама, блогерлердің пікірі немесе белгілі бір тақырыптың қоғамда кең талқылануы кітапты танымал етіп жібереді. Сондықтан оқырман тек трендке емес, кітаптың мазмұнына, авторына және өзінің мақсатына да қарауы керек деп ойлаймын.

– Мен бұған біржақты теріс көзқараспен қарамаймын. Кітаптың бизнеске айналуы – нарықтың дамып келе жатқанын көрсетеді. Бәсеке бар жерде міндетті түрде даму, іздену және масштабқа шығу болады. Автор да, баспа да, кітап дүкені де оқырманға жақсы өнім ұсыну үшін бәсекеге қабілетті болуға тырысады. Бірақ коммерциялық мақсат кітаптың сапасынан жоғары тұрмауы керек. Қанша жерден бизнес болса да, кітаптың оқырманға беретін құндылығы болуы маңызды.

– Кітаптың өзі емес, оның мазмұны мен адамның оны қалай қабылдайтыны маңызды деп ойлаймын. Әсіресе психология, өзін-өзі дамыту бағытындағы кітаптарды оқығанда абай болған жөн. Бір адамға пайдалы болған кеңес екінші адамға сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан кез келген ақпаратты бірден қабылдай салмай, ой елегінен өткізіп, сыни көзқараспен оқу керек.

– Бір ғана жанрға байланып қалмау керек деп ойлаймын. Әртүрлі бағыттағы кітаптарды оқып көру қажет. Бірде көркем шығарма, бірде тарих, бірде ғылым, бірде психология оқып көрсеңіз, уақыт өте келе өзіңізге жақын бағыттарды анықтайсыз. Ең бастысы – кітап оқуды міндет емес, қызығушылыққа айналдыру.

– Соңғы уақытта психология, өзін-өзі дамыту, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және бизнес бағытындағы кітаптарға сұраныс жоғары. Бірақ сұраныс уақытқа, аудиторияға және әлеуметтік желідегі трендтерге қарай өзгеріп отырады. Ал балаларға арналған кітаптар әрқашан өзекті деп ойлаймын. Себебі ата-ана баласының дамуына салған инвестициясын ешқашан артық деп есептемейді.

– Әрине, бар. Классикалық шығармалардың орны бөлек. Бірақ бүгінгі авторлардың арасында да өте мықты қаламгерлер бар. Қазір заман өзгерді, оқырманның талғамы да өзгеріп келеді. Сондықтан жаңа тақырыптарды, жаңа стильдерді ұсынатын авторлар міндетті түрде пайда болады. Тіпті болашақта, мүмкін, менің өзім де қолыма қалам ұстап, кітап жазып қалармын. Кітаптың ішінде жүріп, оқырманның талғамын көріп, адамдарға қандай дүниелердің қажет екенін түсініп келемін. Сондықтан бұл ой мен үшін де қызық.

– Мен үшін ең ерекше әрі қуанышты нәрсе – оқырманның менің кеңесіммен кітап сатып алып, кейін қайта байланысқа шығып, сол кітаптың өзіне ұнағанын немесе пайдасын тигізгенін айтуы. Кейде оқырман: «Сіз ұсынған кітапты оқыдым, маған қатты ұнады», «осы кітаптан көп нәрсе алдым» деп кері байланыс береді. Ал кейбір оқырмандарымыз бір рет емес, екінші, үшінші, тіпті бірнеше рет қайта тапсырыс береді. Бұл мен үшін үлкен көрсеткіш. Өйткені бір кітап сату – бір сатылым ғана. Ал адамның саған қайта-қайта кітап алуға келуі – сенімнің қалыптасқанының белгісі.

– Ең басты мәселелердің бірі – кітап қорын дұрыс жоспарлау. Қай кітап қанша дана өтеді, қайсысы сөреде ұзақ тұрып қалады – мұның бәрін есептеу керек. Сонымен қатар, жалға алу ақысы, логистика, жарнама, ассортиментті жаңарту сияқты тұрақты шығындар бар. Кітап бизнесі сырт көзге өте әдемі көрінгенімен, оның артында үлкен еңбек, есеп және тәуекел жатыр.

– Менің кеңесім – бірден үлкен дүкен ашуға асықпау. Алдымен нарықты зерттеп, қандай аудиториямен жұмыс істейтініңізді анықтап алған дұрыс. Кітап бизнесінде ең үлкен капитал – тек ақша емес. Оқырманды түсіну, дұрыс кітапты таңдау және адамға қажет кітапты ұсына білу. Себебі жақсы кітап дүкені – кітап сататын жер ғана емес, оқырман мен жақсы кітаптың арасындағы көпір.

Төлеген Абдрасилов

«Оңтүстік Рабат» газеті, №34, 20 тамыз, 2026

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар