Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағанды облысында табиғи өрт толық сөндірілді

kz.kursiv.media

Қарағанды облысында табиғи өрт толық сөндірілді

Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай, Бұқар жырау және Шет аудандарының аумағында тіркелген барлық табиғи өрт сөндірілді.

ТЖМ ақпаратынша, өрттің елді мекендерге, шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ орман алқаптарына таралуына жол берілмеді. Бәрі ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылықтары және басқа да өзара іс-қимылдағы қызметтердің қабылдаған шараларының арқасы.

«Аталған аудандарда 4 мыңға жуық шаруа және фермер қожалығы бар. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында нысандар сақталып, оларға өрттің таралуына жол берілмеді. Бүгін Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылы маңында, Ақтоғай ауданының Ақши ауылы маңындағы Тоқырауын орманшылығы аумағында, сондай-ақ Шет ауданының Үңірек ауылы маңында бақылауда болған құрғақ шөп пен бұталардың жану ошақтары толықтай жойылды», – делінген хабарламада.

Өртті жою жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылықтары және басқа да өзара іс-қимылдағы қызметтердің шамамен 1 100 қызметкері мен 200-ден астам техникасы жұмылдырылды. Әуеден барлау жүргізу және өртті сөндіру үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы су төгетін құрылғымен қолданылды.

Айта кететін жайт, Қарағанды облысында дала өрті төрт ауданға тарап, екі адам зардап шеккен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар