Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дина Төлепберген: 100 дәретхана салғым келеді

kz.kursiv.media

Дина Төлепберген: 100 дәретхана салғым келеді

Zamandas подкастында белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қонақта болды. КТК телеарнасында 13 жыл «Астарлы ақиқат» ток-шоуын жүргізген журналист телеарнадан кейінгі өмірі, мақсаттары туралы әңгімелеп берді.

Дина Төлепберген қазір телеарнадағы қызметін әлеуметтік желіге айырбастаған. Инстаграмда миллионға жуық оқырманы, жеке медиа агенттігі бар. Желіде қыздардың жыныстық сауаты, жеке гигиена, жеке шекара мәселесін жиі көтереді.

Подкастта да осы тақырыпты сөз етіп, болашақта көп дәретхана салғысы келетінін айтты

«Мен өте бай әйел болып, бассейндер мен дәретханалар салғым келеді. Қазір менің 100 дәретхана салу деген миссиям бар. Жыныстық сауат туралы жиі айтып жүрмін ғой. Өкініштісі, біздің қоғамда ыныстық сауат туралы айтылмайды, оны ұят дейді – бар мәселе осы жерден басталады. Қыздар өзінің етеккірі туралы көп нәрсе білмейді, ал мектепте жігіттер мазақтайды. Дәретханалар да мүлде оған лайықталмаған», – дейді ол.

Дина Төлепберген Жапонияға барған сапарында дәретханаларына ерекше назар аударған екен. Содан кейін елдегілерімен салыстырып, барлық гигиена талаптарына сай дәретхана салу қажет деген ой туады.

«Өкінішке қарай, біздегі дәретханалар өте нашар. Мен Шымкентте оқыған мектепте дәретхана сыртта болатын. Етеккір келген кезде сол жерге барсам небір ауру жұқтырып алатын шығармын деп қорқатын едім», – дейді ол.

Дәретхана тазалығы – елдегі өзекті мәселелердің бірі. Жақында «ҚазАвтоЖол» компаниясы да жолаушыларды дәретхана артында қажетін өтемеуге шақырып, арнайы үндеу жасауға мәжбүр болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар